Спорт

Жаңа салмаққа ауысқан Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына баруы үшін жаңа салмаққа ауысқаны туралы жазған болатынбыз. 57 келіде қолғап түйістіріп жүрген спортшы елордада өтіп жатқан   халықаралық Elorda Cup турнирінде 57 келі салмақта бақ сынап, алғашқы кездесулерінің бірінде жеңді.

Отандасымыздың алғашқы қарсыласы, осы салмақтағы көшбасшылардың бірі, халықаралық турнирлердің жеңімпазы – Оразбек Асылқұлов. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Сабырханға берген.

Ал, осы салмақта өнер көрсетіп жүрген әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов та жарысты сәтті бастады. Ол жас боксшы Нұрсұлтан Алтынбекті 5:0 есебімен жеңді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button