Жаңа кітап – оқырман олжасы
Зағип және нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапханада көзі көрмейтін әуесқой ақындардың «Шесть точек вдохновения» (Шабыттың алты нүктесі) атты ұжымдық жинағының тұсаукесері өтті. Кітапты құрастырып, басып шығаруға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Зағип және нашар көретіндер Мәдениет үйі бастамашылық етті.
Тұсаукесерде әдемі ән әуелеп, мың бұрала би биледі. Қонақтар кітаптың ерекшелігі мен мазмұнына тоқталып, авторларға толағай шығармашылық табыс тіледі. Кітапдың дизайны да заманға сай, оқырманды тартатындай етіп безендіріген.
Аталған кітапқа Қарағанды, Теміртау, Абай қалалары мен Нұра ауданындағы Мыңбаев ауылы зағип және нашар көретін тұрғындарының (әуесқой ақындар) және Зағип және нашар көретін адамдардың Мәдениет үйі базасында жұмыс істейтін «Стих и Я» ақындар клубының жиырма екі мүшесінің шығармалары енген.
Кітапқа «Шесть точек вдохновения» атауын таңдау да кездейсоқ емес екен. Бұл кітап – Брайльдың алты таңбалы әліппесімен оқитын жандарға әдебиет әлеміне жаңа жол ашып, басқа әуесқой зағип және нашар көретін ақындарға шабыт бойына сенімділік сыйлайды. Ерекше қажеттілікті талап ететін адамдарға өз ойы мен сезімін жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл кітапқа шығармалары еңген зағип және нашар көретін авторлардың (әуесқой ақындар) басым бөлігі үшін бұл үлкен аудиторияға жасалған алғашқы қадам екенін айта кеткен жөн.
Аталған туынды алдағы уақытта Қарағанды қаласының орталық кітапханаларында барлық оқырман үшін қолжетімді болады.
Жәлел ШАЛҚАР.