Руханият

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

Кемпірбай Бөгенбайұлы өз заманындағы қуатты ақынның бірі. Тіпті, Мұхтар Әуезов те Кемпірбайға жоғары бағасын беріп кеткен. Алайда, ақын жайлы көп айтыла бермейді. Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі журналист Ермек Балташұлы ақынның өмірі, шығармашылығын құрастырып, «Көңілден көкала үйрек хош деп ұшты…» атты кітабын жарыққа шығарды. Айта кетейік, биыл ақынның туғанына 190 жыл толып отыр.

Суреттерді түсірген автор

Жаңа кітаптың тұсауы Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кесілді. Кітаптың таныстырылымына тарихшы ғалымдар, ардагер журналистер және ақынның ұрпақтары жиналды.

– Кемпірбай Бөгенбайұлының қазақ ауыз әдебиетіндегі алатын орны ерекше. Сонау 1920-1930 жылдар алғашқы жинағы шығып, беріге дейін ауызша таралып келді. Қазіргі таңға дейін ауызша көп таралғаны Кемпірбайдың Әсетпен бақұлдасуы. Бұған дейін түрлі баспасөз беттерінде, әр жинаққа Кемпірбайдың Шөжемен, Әсетпен, Жәмшібаймен айтысы және өмірдерегі жарияланған еді. Алайда, жеке жинақ болып, кітап болып басылмапты. Осы жинаққа ақынның өмірбаяны, әр кезеңінен сыр шертетін түрлі материалдармен қатар айтыстарын жинап бастық. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтің ақын жайлы жоғары баға беріп, ақындық қуатын ерекше атап көрсеткендігі жайлы дүниелер бар. Осыдан 20 жыл бұрын ақынның 170 жылдығы болды. Бірақ, ешқандай деңгейде атап өтілмеді. Сол уақыттан бері үлкен еңбек шығаруды жоспарлаған болатынбыз, – деді кітап авторы.

Кітап – 300 данамен жарыққа шыққан. Ақынның ұрпақтары кітаптың жарық көруіне қаржылай көмек көрсетіп, ақын жайлы тың деректер жинауға ат салысқан.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button