Жаңа кәсіби мерекелер пайда болды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, тізімге жаңа кәсіби мерекелер қосылды:
Қаржы мониторингі органдары күні – 28 қаңтар.
Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі.
Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі.
2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.
Автокөлік қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
Жол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлерінің күні – 10 қараша.
Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні 13 желтоқсан.
Сонымен бірге тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Көлік қызметкерлері күні мерекесі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА