Жаңалықтар

Жаңа баспана: Кезексіз және конкурссыз

«Отбасы банкте» ақша жинап, «баспана аламын» деп ниет еткен жандар үшін «Жаңа баспана» 6/50 бағдарламасы іске қосылған. Ал, 6/50 деген не? 8/15 бағдарламасынан қандай айырмашылығы бар? Бұл туралы otbasy_bank_kz insragram парақшасында банк қызметкерлері кеңінен тарқатты.

Сурет: otbasy_bank_kz

Өтінім берген қатысушылар бастапқы жарна 15%, ал, несиені жылдық 8%-бен алады.
Мамыр айында – 700, маусым айында – 360 өтінім келіп түскен. Сонымен қатар, шілде-тамыз айында 935 өтінім қабылданыпты. Ал, өтінім беріп үлгермеген тұрғын үй төлемдерін алушылар қалай баспаналы болады?

– Бұл бағдарлама тұрғын үй төлемдерін алушыларға арналған. Егер депозитіңізде бастапқы жарна, яғни 50% бар болса – өтінім беріп ешқандай конкурсқа қатысудың да, күтудің де қажеті жоқ. Бағалау көрсеткішінің мәні де маңызды емес. Атыңызда жылжымайтын мүліктің болмау шарты қарастырылмаған. Бірден Жаңа Баспана бағдарламасының 6-50 қағидаты бойынша баспаналы болуға болады. Ал несие мөлшерлемеңіз 8%-бен емес, жылдық 6% болады. Демек болашақтағы артық төлеміңіз де əлде қайда аз болады, – деді «Отбасы банк» мамандары.

Қатысу талаптары:
– Тұрғын үй төлемдерін алушы болу
– Депозитте несие сомасының 50%-ы болуы тиіс
– Тұрғын үй тауып, банкке құжаттармен келу.

Қандай баспана сатып алуға болады?
– Алғашқы/қайталама нарықтағы тұрғын үй
– Үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй
– Тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда)

Негізгі шарттар:
– Бастапқы жарна – 50%
– Сыйақы мөлшерлемесі – 6% (СЖТМ 6,2%-дан бастап), келесі 3,5%-дан 5%-ға дейінгі тұрғын үй заемына ауысу мүмкіндігі қарастырылған. Несие сомасы – 100 000 000 теңгеге дейін.
– Несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button