Жәнібек Әлімханұлы 16-шы жекпе жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде өткен бокс кешінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9 раундта нокутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы мен Андрей Михайлович орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласқан болатын. 12 раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз 2 раундта қарсыласына нокдаунд береді. Қарсыласының осал тұсын меңгеріп алған Жәнібек Әлімханұлы 9 раундта қайта бір есеңгіретеді. Осылайша, төрешілер кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, отандасымыздың қолын көтерді.
Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы 16-шы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Одан бөлек, IBF және WBO титулын сәтті қорғап қала алды.
Ал, Андрей Михайлович мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.