Еңбек күні мерекесіне орай Саран қалалық Мәдениет үйінде «Шебердің қолы – ортақ» деген тақырыпта көңілді тапқырлар алаңы өтті.
Оның мақсаты – жұмысшы мамандықтары мен еңбек адамының беделі мен мәртебесін жоғарылату болып табылады.
Бұл іс-шараға облысымызда жұмысшы мамандықтарыга оқытатын 12 колледждің өкілдері қатысып,өзара пікір алмасты. Онда келешекте елімізде жұмысшы мамандықтары иелерінің санын көбейтіп, олардың қоғамдағы орны мен мәртебесін жоғарылату жайы сөз болды.
Бұл шараға қатысушылар жиналғандар алдында өз колледжі мен онда оқытылатын жұмысшы мамандықтары туралы бейнероликтер көрсетіп, тақырыпқа сай ойындар ойнады.
Ержан ИМАШ
САРАН