Коронавирус

Жұмысқа кедергісіз жету үшін қандай құжаттар керек?

Карантин режимінің енгізілуіне байланысты тұрғындардың үйден шығуына тиым салынды. Десек те, жұмысқа барып-келуге, дүкенге және дәріханаға баруға рұқсат беріледі. Осы орайда, оқырмандар тарапынан “Жұмысқа барып-келу үшін қандай құжат болуы керек?” деген сұрақ қойылуда. Бұл сауалға облыс әкімінің баспасөз қызметі жауап берді. Сонымен…

Өзіңізбен бірге жеке куәлік және басшының қолымен және мөрімен расталған жұмыс орнынан анықтама болуы қажет. Онда қозғалыс бағыты көрсетілуі тиіс. Жұмыс беруші беретін анықтамада әкімдіктердің елтаңбалы мөрі болуы талап етілмейді.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) және басқа да мемлекеттік мекемелер жұмыс орнынан тек өз қызметкерлеріне анықтама береді. 

Басқа материалдар

Back to top button