Қарқаралы

Өзекті мәселе – бақылауда

Бұқаралық ақпарат құралдары Теректі елді мекені аумағында орналасқан «Алтайполиметалл» кәсіпорны табиғатқа экологиялық зиян келтіріп, Айыр ауылының іргесінде лай су ағып жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын. Аталмыш мәселенің мәнісін анықтау мақсатында Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов лай су ағып жатқан жерге барып, жергілікті тұрғындармен және кәсіпорын басшылығымен кездесті.

– Бұл жерде 3 бөген бар, қазір төртіншісін салып жатырмыз. Кен шайылған сұйықтықты залалсыздандыру үшін арнайы қоспа қосамыз. Ол сұйықтықтағы химиялық заттарды қатырып, сыртқа тек таза су ғана шығады. Ал, бұл жолғы ағынды лай су ескі дамбыдан ағып жатқан сұйықтық болуы мүмкін. Біз бұл сұйықтықтан сынама алдық. Нәтижесі он күнде дайын болады, – дейді кәсіпорын директорының өндірістік сала жөніндегі орынбасары Елдос Шакимов.

Жергілікті тұрғындардың талап-арызын тыңдаған аудан басшысы елді алаңдатқан мәселені өз бақылауына алатындығын жеткізді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button