Үздіктер марапатталды
Сәтбаев қаласындағы олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде әр жылдың қорытындысы бойынша өзгелерден озық шыққандарға құрмет көрсету дәстүрі қалыптасқан. Игі дәстүрден жаңылмаған мектеп басшылығы өткен жылы байрақты бәсекелерде топ жарған спортшылар мен олардың бапкерлерін лайықты марапаттау рәсімін жарасымды түрде жүзеге асырды.
«Жылдың үздік спортшысы» аталымының жүлделері жеңіл атлеттердің еншісіне бұйырды. Бұл аталымда ІІІ орынға Александра Мохирева тұрақтаса, ІІ орынды Мария Чекалина иеленді. Ал, І орынның жүлдесі Екатерина Парамонованың қанжығасына байланды.
Ал, саңлақ спортшыларды бәйгеге баптап қосқан жаттықтырушылар «Жылдың үздік бапкері» аталымы аясында құрмет пен қошеметке бөленді. Батырлан Өмірзақов пен Қуатбек Тоқтыбаев, тиісінше, ІІІ және ІІ орындарды өзара бөліссе, ардагер жаттықтырушы Владимир Коник ең үздік бапкер ретінде танылды.
Салтанатты рәсімде қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан бір шоғыр бапкер-жаттықтырушылардың еңбегі де ескеріліп, марапаттар табыс етілді.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ
СӘТБАЕВ қаласы.