Шахтинск

Үздіктер қатарынан көрінді

   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында екі айға жуық білім алған Шахтинск мешітінің наиб имамы Әсет ИБРАЕВ имамдардың арасынан үздік куәлікке ие болып, арнайы Алғыс хат және сертификатпен марапатталды.

Мешітімізде жамағатқа уағыз айтып қана қоймай, жастарға ұстаздық етіп, ислам дінінің құндылықтары мен шариғаттарын, құран сүрелерінің маңыздылығын түсіндіріп, діннен сабақ беретін Әсет Нау­рызбайұлы ислам институтында «Халал стандарт» пәні бойынша факультативтік курсынан өтіп, таңдаулы, білімді имамдарға ғана берілетін үшінші дәрежелі куәлікке қол жеткізді.

Бір айта кетері үздік куәлікке Ислам институтында білім алған елу имамның ішінен төрт-ақ имам ие болыпты. Төртеудің бірі – мешітіміздің наиб имамы Ә.Ибраев. Оның біліміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай ұстаз Бауыржанәлиұлы, Ғалым Мұхиддин, ақида маманы Ризабек Батталұлы, Кенжеәлі Мырзабеков және Мысыр елінің Каир қаласынан келген Әл-Азһар университетінің ұстазы, шейх Мутауәли доктор Мадих сияқты діни ғалымдар жоғары баға беріпті.

А.ТҰРЖАНОВ.

ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button