Жаңалықтар

Заң үстемдігі – жіті бақылауда

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 2014 жылдың 05 шілдесінде №235-V санды Қазақстан Республикасы Заңымен жаңа редакцияда қабылданған болатын.

Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді. Кодекстің 2-бабында көрсетілгендей Заңның Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.

Кодекстің 2-тарауының талабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып келеді. Осы міндетті жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен принциптерін белгілейді, қандай әрекеттердің әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшін қолданылатын жазалардың түрлерін, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкімшілік жаза және қандай тәртіппен қолданылуы мүмкін екенін айқындайды.

Негізінде, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не? Соған тоқталайық. Кодекстің 3-тарауында айқын айтылған, жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  Статистика комитеті Қарағанды облысы статистика департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) өзінің құзыретін Қазақстан Конституциясы, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Комитеттің 2014 жылғы  15 қазандағы №13 санды бұйрығымен бекітілген Қарағанды облысының Статистика департаменті туралы ережесі бойынша жүзеге асырады.

Респонденттер нысанды есептік деректерді Қазақстан Республикасы статистика туралы агенттігі төрағасының 2010 жылғы 09 шілдедегі №173 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы статистикалық деректерді респонденттермен ұсыну туралы» Ережесі бойынша мемлекеттік статистика органдарына белгіленген мерзімде ұсынады. Әр нысанды есепті ұсыну мерзімдері Комитеттің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №311 санды «Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық бақылау туралы бастапқы статистикалық деректерді респонденттермен ұсыну жөніндегі» кестемен бекітілген. Бұл Кесте негізінде квазимемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары, коммерциялық емес ұйымдар, шағын, орта және ірі кәсіпорындар тиісті айлық, тоқсандық, жылдық статистикалық деректерді (есепті) тапсыруға міндетті екені белгілі. Дер кезінде тапсырмаған жағдайда кінәлі тұлға Кодекстің 497-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Заңды білмеген жауапталусыз қалмас демекші, Кодексте 3 бөліктен тұратын 497-бап бар. Оны әркім біле бермейді. Дегенмен, заңды білмеген жауаптан құтылмайды ғой. Бастапқы нысанды есепті ұсыну міндеті «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 17-бап, Кәсіпкерлік кодекстің 29 -бапта толығымен мағыналы түрде белгіленсе де, кейбір респонденттер заңды белшесінен басып, опық жеп жатқанын екінің бірі біле бермейді емес пе?

Аталған жылдың 1 жартыжылдығында Департамент барлығы сегіз жүзге жуық кінәлі заңды лауазым иелерін әкімшілік жауаптылыққа тартты. Айыппұл көлемі жиырма милллионнан асып түседі. Нысанды есепті белгіленген мерзімде ұсынбау фактілерін Департамент қызметкерлері күнделікті түрде бақылап тұрады. Бұл жөнінде өндірістік жиналыстарда, оқу-дәріс өткізу кезінде талқыланады. Сондай, оқу семинарларды өткізу жұмысы қолға алынып отыр. Алайда, жағдай онша өзгермеді. Нысанды есепті мерзімінде ұсынбау, анық емес деректерді ұсыну әлі де кездесіп тұрады. Оған мысалдар келтіру жеткілікті.

Атап айтсақ, бір кәсіпорын Департаментке 2016 жылғы көрсеткіш бойынша «Өндірістік қуаттың балансы» атты БМ нысанды есепті 2017 жылдың 25 наурызына дейін тапсыруы керек еді. Алайда, мерзімінде тапсырмағаны үшін Департаменттің 28 сәуірдегі қаулысымен кәсіпорынға Кодекстің 497-бабының 2-бөлігімен 14 АЕК көлемінде 31 мың 766 теңге айыппұл салынды. Қабылданған құқықтық акті олармен шағымдалып, Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2017 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен заңды деп танылды.

Мұндай фактілер жиілеп кездеседі. Халық статистика саласындағы нысанды есепті тапсыруды басқаша түсінері анық. Дегенмен, заңның аты заң. Кейбір респонденттер оған түсіністікпен қарайды. Алайда, жағдай өзгермей отыр.

Әкімшілік өндіріс ісін жүргізу барысында Департамент қызметкерлері өз құзыреті шеңберінде кінәлі тұлғаға Кодекстің 738-744 баптарындағы құқықтары мен міндеттерін үнемі түсіндіріп тұрады. Атап айтсақ, өндіріс ісін жүргізудегі тілді таңдау, іс бойынша түсініктеме беру, дәлелдемелер ұсыну, қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету, қабылданған шешімге, лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне  шағым беру және т.б. құқықтары бар. Кінәлі тұлғаның айыппұлды төлеудегі қаржылық жағдайы да ескеріліп отырады. Сонымен қатар, Кодекстің 749 бабының талабын басшылыққа алып, әкімшілік істі жүргізу кезінде респонденттің құқығын қорғау мақсатында оны қорғаушымен қамтамасыз ету жұмысы жолға қойылған.

Қорыта келгенде, Қарағанды облысы Статистика департаментінің қызметкерлері мемлекеттік статистика заңының аясында әкімшілік заңнаманы қолдану барысында заң бұзушылыққа жол бермеу, алдын-алу жұмыстарын бұдан әрі қарай жалғастырып тұруға бел буады.

Ата Заңымыздың 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» делінгендей, заңдылықты білмеген жауапкершіліктен құтылмайды.

 

       Кеңпейіл Сақтайұлы,

Қарағанды облысының

Статистика департаменті

басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button