Жаңалықтар

Заң мен тәртіп – тұрақты дамудың басты шарты

Президенттің 5 қаңтар күні «Turkistan» газетіне берген сұхбатында: «Біз Қазақстанда әділдікке, заң мен тәртіпке, еңбекқорлыққа және тазалыққа негізделген қоғам құрып жатырмыз», – деген болатын.

Президенттің бұл ұстанымы елдегі түбегейлі өзгерістердің мәнін айқындайды. Әділдік – әр азаматтың құқығы қорғалатын, заң үстемдігі орнаған қоғамның негізі. Заң мен тәртіп – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі. Ал еңбексүйгіштік пен тазалық – дамыған әрі жауапты қоғам қалыптастырудың басты құндылықтары.

Мемлекет басшысы атап өткен бұл қағидаттар тек мемлекеттік саясаттың емес, әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Себебі жаңа Қазақстанды құру – билік пен халықтың ортақ жауапкершілігі. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button