Бас тақырып

Қызылша: науқастардың басым бөлігі – балалар

Жыл басынан бері қызылшаның 705 жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылардың басым бөлігі – Қарағанды, Балқаш, Шахтинск қаласы мен Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра ауданының тұрғындары. Осы аймақтар облыстың басқа да қала, аудандарына қарағанда аурушаңдық көрсеткіші – жоғары.

Сурет: vlast.kz сайтынан

Науқастардың басым бөлігі – балалар. Оның ішінде 67%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал, бұның тең жартысы – 1-4 жас аралығындағы сәбилер. Деректерге сүйенсек, ауру жұтқырғандардың 87%-ы – екпе алмағандар.

Облыста қосымша жаппай иммундау шеңберінде 59 498 адам егілді. Оның – 4 669-ы – 6-11 ай аралығындағы нәрестелер. Ал, 35 690-ы – 2-ден 4 жасқа дейінгі балалар.

– Аурудың ауыр ағымында науқастың көру, есту қабілеті жиі зардап шегеді. Ауру бауыр мен бүйрекке теріс әсер етеді, иммунитетті айтарлықтай бұзуы ықтимал және қызылша пневмония, бронхит, панэнцефалит сияқты асқынулармен қауіпті. Қызылшаға қарсы әдеттегі егу аурудың ауыр зардаптарын болдырмауға көмектеседі, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button