Медицина

Қызылшаға қарсы вакцинация туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №7 Қаулысына сәйкес 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммундау жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундауға (қызылшаға қарсы ҚЖИ) жүргізілуде.

Суреттер: Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Сонымен қатар, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес нысаналы топтағы балаларына қызылшаға қарсы жоспарлы иммундау: 1 жаста (12-15 ай) вакцинация және 6 жаста ревакцинация жалғасуда, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бұрын қызылшаға қарсы егілмеген басқа жастағы (18 жасқа дейінгі) балалар аумақтық емханада жаппай иммундау бойынша екпе ала алады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар.

– Қазіргі кезде барлық облыстарда қызылша ауруы өршіп тұрғанын білесіздер, сондықтан да қызылшаға қарсы екпе алуларыңызға шақырамыз. Балалардың болашағы – біздің қолымызда, – Шахтинск қаласы, «Ботагөз» балабақшасының медбикесі Н. Салимова.

Департамент балалардың ата-аналарын, әсіресе ҚЖИ-ға жататын 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалардың ата-аналарын, сондай-ақ қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы жоспарлы иммундауға жататын 1 және 6 жастағы балалардың қызылшаға қарсы екпені уақытылы алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға уақтылы жүгінуге шақырады. 

Вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. Қызылшаға қарсы жоспарлы профилактикалық егулерді, сондай-ақ ҚЖИ-ді оқудан өткен медицина қызметкерлері жүргізеді.

Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады, бұл вакцина әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Еуропа елдерінде де қолданылады.

Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button