Басты тақырып

Yш тоқсанда үмiт ақталды

    Өндірісті өлкенің өнеркәсіптері әлемді шарпыған дағдарысқа әзірге дес бермей тұр. Бұған – облыстық экономика және қаржы басқармасының жария еткен деректері – айғақ. Бүгінде қолда бар ресми ақпарлар аймақ экономикасының ешкімге есе жібермей тұрғанын көрсетеді.

Айталық, осы өткен он айда өнер­кәсіптік өндірістің көлемі 1535,7 млрд. теңгені құраған. Бұл был­тырғы жылдың осы мерзімі, яғни, 2015 жылдың қаңтар-қазандағы дең­гейімен салыстырғанда 105% екен. Облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне соны серпін қосып отырған Индустрияландыру карта­сының жобалары екенін айтады деректер. Мәселен, биылғы жылдың он айында 10 жобаның тұсауы кесілген. Сол арқылы 950-ден астам жұмыс орны қамтамасыз етілді. Жобалардың жалпы құны – 102,9 млрд.теңге көле­мінде.

Сонымен қатар, аграрлардың да аймақ экономикасында үлесі ау­қымды. Нақтылап айтқанда,   ауыл шаруашылығында 196,1 млрд.тең­ге көлеміндегі өнім өндірілді. Бұл – жер емген жұрттың өнім өндіруде үлесі былтырғыға қарағанда 5,4% ұлғайғанын көрсетеді. Соның ішінде, ет өндірісі – 1,8%, сүт – 7,8%, жұ­мыртқа – 0,2% артып отыр.

Ал, инвестиция тартуға келсек,  негізгі капиталға құйылған инвестициялар 241,5 млрд. теңге. Құры­лыс жұмыстары 123,4 млрд. теңгеге   орындалса, баспананың 298,7 мың шаршы метрі пайдалануға берілген.

Кәсіпкерліктен де құр алақан емес. Мәліметтер кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны өскенін көрсетеді. Бүгінде белсенді шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің саны – 88262 бірлік.

Жұмысқа орналастыру қызметі арқылы 28134 адам жұмыспен қам­тылды. Қоғамдық жұмыстарға – 7116 адам, кәсіптік оқуға – 904 адам ба­ғытталды. Сөйтіп, жұмыссыздық дең­гейі – 4,9% құрады.

Дерек

Облыс бюджеті 2016 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша 248,7 млрд. теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен субвенция­лар, несиелер және трансферттер – 49,3%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 159,6 млрд. теңге бағытталды (64,2%), білім беруге – 84,1 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 47,9 млрд.теңге. Мемлекеттік бюджетке 189,6 млрд.теңге көлемінде кірістер түсті.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button