Қарқаралы

Ырысты еселеген “Ырыс”

Қарқаралы ауданында мемлекеттік бағдарламалар шарапатын көріп отырған шаруашылықтар аз емес. Солардың бірі – «Атамекен» шаруа қожалығы. Жақында қожалық «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Осакаров ауданынан симментал тұқымды 133 сиыр әкелді.

Шаруашылық 2017 жылы сүт өңдеу цехын ашып, тибеттік технология негізінде сүт өнімдерін өндіруді бастаған еді. Енді, өндіріс қуаты арта түспек. Бұл туралы қожалық басшысы Сламбек Қинаят айтып отыр.

 – Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған кез келген мемлекеттік бағдарлама шаруашылықтар үшін тиімді. Мәселен, «Ырыс» бағдарламасы арқылы 16 пайызбен берілген несиенің 10 пайызын мемлекет жауып береді. Алдағы уақытта сүт өңдеу цехының жұмысын жандандырмақпын. Бірнеше адамды жұмысқа алу ойда бар, – дейді фермер.

Симментал сиырлары өсімтал, етті келеді. Әрі Арқаның қытымыр климатына төзімді. Бір сиыр тәулігіне 25-30 литрге дейін сүт бере алады.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button