Бас тақырып
Ырыс алды – ынтымақ
Наурыз – жаңа жылдың бастауы. Наурыз – ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Бүгін, 21 наурыз – наурызнама онкүндігіне сәйкес «Ынтымақ күні».
Бүгінде еліміз көпұлтты, көп этнос қоныстанған ел. Барлығы қазір бірлік пен теңдікте, ынтымақтастық пен ауызбіршілікте өмір сүруде. Қазақстан сыртқы елдермен де, шекаралас көршілермен де келісімде, бейбітшілікте тірлік кешуде. Ғаламдық тұтастық пен бүкіләлемдік бейбітшілік орнағанын қалайды. Яғни, қазақ халқы атам заманнан бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылған ұлт ретінде әлі күнге дейін сарабдал, мәмілегерлік саясат ұстануды құп санайды.
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, Мәңгілік ел атануды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстанымыздан құт береке кетпесін!
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА