АймақТеміртау

Ынтымақтастыққа мүдделі

Теміртауда «Qarmet» акционерлік қоғамында елішілік құндылықты дамыту бойынша форум өтті. Жүйе құрушы компания шағын және орта бизнесті қолдайтынын, жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға дайын екенін жеткізді. Форум қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен Qarmet арасында өзара іс-қимыл бойынша меморандум жасалды.

Кездесуге облыстың 150-ден астам тауар өндірушілері қатысты. Олар компания өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін тікелей талқылай алды. Ал, ол үшін В2В форматындағы диалог алаңы ұйымдастырылды.

Форумдағы басты мәселенің бірі – жүйе құраушы кәсіпорындардың өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауы. Елішілік құндылықты арттыру бүгінгі таңда жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылатыны атап өтілді.

Тау-кен металлургия компаниясы жергілікті өндірістермен өзара іс-қимылды күшейтуге дайын. Бірлескен жергілікті жобалар жоспарлануда. Сондай-ақ, мамандарды оқытуда ынтымақтастық дамитын болады.

«Qarmet» АҚ импортты алмастыру мақсатында орта мерзімді кезеңге компанияға отандық тауарларды сатып алу есебінен елішілік құндылық үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жоспар әзірледі.

Форумда қазақстандық мазмұнды дамытуға қосқан үлесі үшін бизнес-серіктес­терге Алғыс хаттар табысталды.

Салтанат ІЛИЯШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button