ЖаңалықтарРесми

Қылмыстық топтың қылмысы әшкереленді

Бүгінде шекарадан шетелдік нөмір таққан көлікті кіргізіп, оны тіркеумен айналысатын ұйымдар көбейіп барады. Ал, сол ұйымның қызметіне жүгінген талай көлік иелері сан соғып қалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын қылмыстық топты құрықтады деп хабарлайды Оrtalyq.kz, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық топ заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеген. Олар осы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтарға заңсыз қызмет ұсынып, ақша жымқырған. Осындай айламен күні бүгінге дейін 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталды. Әр автокөлікті заңсыз тіркегені үшін 400 мың мен 1,6 млн. теңге аралығында ақша алып отырған. Күдіктілер ақшаны қолға алған соң автокөлікті сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмір мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж салығын төленгені туралы түбіртекті қолдан жасапты. Сөйтіп, күдіктілер ақша қолға тиген соң жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Соның салдарынан мемлекетке баж салығы мен алымдар түрінде 1 млрд. теңге көлемінде залал келтірген.
Бүгінгі таңда қылмыстық топтың тағы 4 белсенді мүшесі мен Астана қаласы №2 Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы ұсталды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Басқа материалдар

Back to top button