Спорт

WBA рейтингіндегі: Қазақстандықтардың орны белгілі болды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Үздіктердің қатарында қазақстандық былғары қолғап шеберлері де бар.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде «Суперчемпион» – украиналық Александр Усик тұр. Ал, ррейтинг басына америкалық боксы – Деонтей Уайлдер. Одан кейінгі сатыда Конго өкілі Мартин Баколе, ІІІ орында ұлыбританиялық – Энтони Джошуа. Осы салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген отандасымыз Иван Дычко бір саты төмен түсіп, ХІ орынға табан тіреді.

Екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Бұл салмақта үздік үштікті франциялық Кристиан Мбилли, канадалық Эрик Базинян мен ирландиялық Патрик Макрори түйіндеп тұр. Ал, отандасымыз Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, IX орынға тұрақтады.

Ал, бірінші жартылай орта дивизиондағы «WBA-ның әлем чемпионы» атағы әзірге бос. . Үздік үш үміткер ретінде ұлыбританиялық Охара Дэвис, АҚШ боксшысы кіші Кеннет Симс пен венесуэлалық Исмаэль Барросо ұсынылған. Осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық Батыр Жүкембаев өзінің XIV орнын сақтап қалды.

Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша көш басында америкалық боксшы кіші Ламонт Роуч өз орынын бермей келеді. Одан кейінгі орындарға грузиялық Отар Эраносян мен ирландиялық Джоно Кэрролл орналасқан. Ал, осы салмақта жұдырықтасатын тағы бір отандасымыз Сұлтан Заурбек бір орынға төмен сырғып, VI орынға жайғасты.

Екінші жеңіл салмақ бойынша әлем чемпионы – филиппиндік Марлон Тапалес. Рейтинг бойынша өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев – І, мексикалық Кевин Гонсалес – ІІ, украиналық Олег Довгун – ІІІ орынды өзара бөліскен. Осы салмақта өнер көрсететін отандасымыз Евгений Павлов IV орынды түйіндеп тұр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button