«Ustaz Ulytau»жобасы Қарағандыда қарқынды жұмыс бастайды
Қарағанды облыстық Білім басқармасында «The Ulytau Еducational Foundation «Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Өңірдегі орта білім беруді дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өткізуде. Дөңгелек үстелде мамандар өңірдегі орта білім беруді дамытудың келешегі, Қарағанды облысындағы мектептерде оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану, STEM тәсілі мен білім беруді цифрландыру мәселелерін талқылауда. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қатысты.
– «The Ulytau Еducational Foundation «Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Балқаш қаласы мен Қарқаралы, Осакаров аудандарында, Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау, сондай-ақ Жамбыл облысының Шу ауданында білім сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстарды атқаруда. Қордың жобасы – «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығына облыстағы 85 серіктес мектеп пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің екі колледжі кіреді. Алдағы уақытта ынтымақтастық арқасында бірлесіп белсенді жұмыс атқаратындығымызға сенімдімін, – деді Ерлан Құсайын.
Жиында «The Ulytau Educational Foundation» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының директоры Марина Марсқызы Хан қордың Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы орта білім сапасын арттыру жөніндегі жобалары туралы әңгімеледі.
Дөңгелек үстелде «Ustaz Ulytau» ПТО жобасына енген жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен Қарағанды облысы және Балқаш қаласының аудандық білім бөлімдерінің басшылары да бар. Дөңгелек үстел соңында «The Ulytau Еducational Foundation «Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры мен Қарағанды облысының білім басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz