Спорт

Әуесқойлардың доп додасы

Республика күніне Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті де үн қос­ты. Олар саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында әуесқойлар арасында шағын футболдан турнир өткізді. Оған білім ордасының ұстаздары мен шаһардағы журналистер қатысты.

Турнирде 6 команда бақ сынады. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұстаздары жеке команда шығарды. Шаһардағы журналистер де додаға түсіп, намыс­тарын сынап көрді. Қарқаралы қаласының спортшылары да қатарда.

Доданы ұйымдастырушылар Республика күнінде ұлт денсаулығын жақсартуға арналған осындай спорттық шараның жалауын көтеруді жөн көрдік деп отыр. Қажыр-қайратын шәкіртке бағыштаған ұстаздар мен ақпарат саласының майталмандары осы алаңда бір сергісе дейді университет ұжымы.

– Бүгін саламатты өмір салтын ұстанған азаматтар футбол залына жиналды. Бәріміз алаңнан тысқарыда доспыз, әріптеспіз. Рес­публика күнін осылайша дәріптегенді жөн санадық. Қызметінен бөлек талай жыл доп теуіп, сәтті өнер көрсетіп жүрген әріптес­терім көп. Кәсіпқойлардан кем ойнамайды. Кез келген додаға ұялмай алып баруға әбден болады. Мен достарыммен мақтанамын. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті осындай шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Ректорымыз ұстаздар мен студенттер арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға баса мән береді. Нәтижесін көріп келеміз. Студенттеріміз де талай додада топ жарып жүр, – деді Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұстазы Мұрагер Абыласимов.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыстады.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button