Уақыт қойнауынан табылған із
Қан майдан. Отқа оранған он шақты күн. Санитар сарбаз. Осы үш ұғым – қырық екінің сұрапылында небәрі бес ай ішінде майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жаңажолдық жауынгер Әбдімәжіт Садуақасұлы Медеубайтегінің тағдырын тұтас сипаттайды. 80 жыл бойы үнсіз жатқан сарғайған хат қайта сөйледі…

1942 жыл 10 тамыз. Бірінші Гвардиялық атқыштар корпусы командирінің қосымша бұйрығы бойынша сағат 7:00-де дивизия бұрын берілген тапсырманы орындай отырып шабуылға көшті. Жеке құрамның әскери даярлығының төмендігіне әрі қарсылас жағының адам күші мен техника жағынан басым болуына байланысты шабуыл сәтсіз аяқталды. Дивизия бөлімшелері жаудың қатты артиллериялық, минометтік және пулеметтік, автоматты оқ жаудырған отының астында тоқтап, қол жеткізілген шептерде бекінуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, қарсылас жағдайын қосымша барлау жұмыстарын жүргізіп, берілген тапсырманы әрі қарай орындауға дайындық жалғастырылды.
Шабуылға дайындық кезінде және шабуыл барысында дивизия құрамаларының командирлік және саяси құрамы үлкен жұмыс атқарды. Әсіресе, 1024-ші атқыштар полкі (полк командиры майор Дедов, батальонның әскери комиссары комиссар Михайлов) белсенді түрде шабуыл жүргізді. Осы шайқаста 1024-ші атқыштар полкінің үгіт-насихат инструкторы аға саяси жетекші Каленков пен полктің партия бюросының хатшысы аға саяси жетекші Скакуп ерлікпен қаза тапты.
Бұл жерде ішінде санитар бола жүріп, оқ тиіп ерлікпен қаза болған Қарқаралы ауданы Жаңажол ауылының ер ұлы Әбдімәжіт Садуақасұлы да бар еді… Сонымен, 1942 жылы март айында соғысқа аттанған ол сол жылдың тамыз айында жантәсілім етеді. Бұл деректі біз мұрағат қорындағы сарғайған хаттардың бірінен тауып алып, жариялағанды құп көрдік…
Әбдімәжіт Медеубайтегі Ленинград облысы Залучский ауданы Сутокский елдімекеніндегі қазақ тапқан сарбаздардың жаппай қорымында жерленді. Иә, Ол өз үйінен, туған топырағынан жырақта көз жұмды. Бірақ, оның мүбәрәк есімі туған елімен бірге жасайды. Әр көктем сайын, Жеңіс күні келгенде, оның ерлігіне тағзым етіп, ұрпақтары гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алады. Бұл – оның ардақты есімінің, сарқылмас руһының өміршеңдігін білдіреді. Қан майданда шейіт болған Әбдумажидтің ерлігі – бізге аманат. Біз сол аманатқа адал болуға тиіс сындымыз. Сол бір шалғайдағы қарапайым боздақтар қорымы шын мәнінде, ұлттың жүрегінде соғып тұрған батырлықтың мәңгілік ескерткіші дерсіз тарих парақтарын сағынышпен ақтара отырып…
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»