Руханият

Туындыдағы тарих

Қазақ тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол, тайғақ кешкен» ауыр кезеңдердің де болғаны бәрімізге аян. Қазақ тарихына бір шолу жасасақ, 1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин Қазақстанды «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғынға ұшырады.

Сурет бейнелеу өнері мұражайынан

Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қазақ елінен қуып, біразының көзін жойды. Сонымен қатар, елімізде 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Ашаршылыққа дейінгі халық санының күрт төмендеуі, араға жарты ғасыр салып әсер етуі – бұл сол ауыр оқиғаның қаншалықты қасіретті болғанын көрсетеді.

Кеңестік тоталитаризмнің зұлым сая­саты мен зұлмат әрекеттері ешбір елді таңдап, талғаған жоқ. 1920-1950 жылдары Кеңес Одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Бұл зұлмат кезеңде қазақ жеріне тұтас халықтар жер аударылды. Қазақстанға миллиондаған адам күшпен көшіріліп әкелінді. Шегі жетпестей көрінген саяси науқандар мен қуғын-сүргіннен есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты. Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этностар өкілдері барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымыз­ға айналды.

Саяси қуғын-сүргін күніне орай нақты мәліметтерді алу үшін облыстық бейнелеу өнері музейіне бардық. Музей ішінен қуғын-сүргін туралы тың деректерді алдық.

Қарағандыға жер аударылып келген суретші Владимир Эйферттің сурет көрмесімен таныстық. Сол көрмедегі жұ­мыс­тар арасында қуғын-сүргін кезеңіндегі Қарағанды қаласына жер аудару жылдарындағы көрініс те бар.

Сол жылдары пойыздардың жүрісі баяу болғаны мәлім. Қуғын-сүргін жылдары қазақ халқы жер аударуда, пойыз­дарда айлап жүрген уақыттары да болды. Сол кезеңдерде өздерімен бірге бір үзім наны да болмады. Жұпыны шыққан киімдермен айлап пойызда жүрді. Жер аудару барысында көпшілігі шыдамай жолда қайтыс болды. Сол қайтыс болған жандарды пойыздан лақтырып тас­тап отыр­ған екен.

Суретшінің «Вагонда. Қарағандыға жер аудару» атты картинасында сол пойыздағы аштан қиналған елдің жағдайы, сол кездегі көріністер бейнеленген. Картина 1940 жылы картон қағазға майлы бояумен салынған.

Диана ТІЛЕМІС,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті филология факультетінің II курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button