Руханият

«Туғанда дүние есігін ашады өлең»

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Абай күніне орай  9 тамыз сағат 15:00-де «Туғанда дүние есігін ашады өлең»  әдеби-музыкалық кеші өтеді. Кеш барысында «Түспен түрленген сөз» атты өнер-зертханасының тақырыптық туындылары жұрт назарына ұсынылады, деп хабарлайды Ortalyq.kz музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет ұйымдастырушылардан

Кеш барысында Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында ұлы ақынның өміршең өлеңдері, даналыққа толы қара сөздері мен сыршыл әндері шырқалып, Қарағандылық суретшілердің қыл қаламынан туындаған ұлы ақынның портреті мен аса бай шығармашылығының тақырыбын  бейнелеген сурет көрмесі  тамашаланады.

Поэзия мен музыканы сондай-ақ, бәсі биік бейнелеу өнерін бір кеңістікте біріктірген мәдени ісшараның талғампаз көрерменге ұсынар тағылымы зор. Ұлы ақынның шығармашылығынан шабыттанып, поэзия мен өнер әлеміне енгісі келетін қауымға есік ашық. Кіру тегін.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button