Цифрлық карта – отбасына тиімді
Қарағандыда балалардың құқықтарын қорғау саласының өзекті мәселелелері талқылануда. Семинарда адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау, кәмелетке толмағандардың істері және әлеуметтік жетімдікті болдырмау түсініктері талқылануда.
Отбасының цифрлық картасы жайлы «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» басшысы Төлеу Мұхтар айтып өтті.
– Отбасылық цифрлық картаға қолжетімділікке жұмыспен қамту бөлімдері жауапты. Әр отбасындағы білім, денсаулық санатына сай мәселемен әр мекеме жұмыс істейді. Мәселен, цифрлық карта арқылы отбасының табыс деңгейін көре аламыз. Егер отбасының табыс деңгейі 32 000 теңгеден төмен болса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Отбасылық цифрлық карта – аудан, қалалаларда әлеуметтік қамту бөлімдерінде бар. Солармен бірігіп дағдарыс деңгейіне түскен отбасыларға көмек көрсете аласыздар. Әр жағдайдың алдын-алумыз керек, – дейді Төлеу Қайратұлы.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқ аласыздар.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz