Жаңалықтар

Цифрландыру – стратегиялық үдеріс

Өңірді цифрландыру – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және экономиканың әртүрлі секторларының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық үдеріс. Бұл қоғамның, экономиканың және басқарудың дамуында негізгі рөл атқарады. Цифрландыру саласында өңір тұрғындарына пайдасын беретін өткен жылғы жұмыстардың нәтижелерімен, сондай-ақ, биылға арналған жоспарлармен бөліскіміз келеді.

Сурет басқармадан

Халықтың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауы үшін бірыңғай кеңістікке айналған «Senim109» бірыңғай үйлестіру орталығы өз жұмысын жалғастырып келеді. Жұмыс істеген уақытта орталыққа 900 мыңнан астам өтініш келіп түскен, оның ішінде, 2024 жылы 146 мыңнан астам өтініш тіркелген. Өтініштердің шамамен 77% операторлар тарапынан шұғыл түрде шешіліп, қалғандары мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтерге орындауға жолданған.

2023 жылы орталық жанынан құрылған мониторингтік топ 650 рет шығып, Қарағанды қаласы тұрғындарының өтініштерін уақытылы шешу үшін тексеру жүргізген. Оның 95 пайызынан астамы орындалған.

Орталықтың әлеуметтік беттері тұрақты негізде жүргізіледі, онда тұрғындарға мектептердегі сабақтардың тоқтатылуы, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің (су, электр, жылу, газ) апаттық және жоспарлы ажыратылымы, жол жөндеу жұмыстары туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Сондай-ақ, қала азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі жобалардың бірі – «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру жалғастырылуда. Осы жоба аясында өткен жылы Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш, Абай, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ, Осакаров және Бұқар жырау аудандарында 400 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Сонымен қатар, Қарағанды және Теміртау қалаларында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап, жол жүрісі ережелерінің бұзылуын тіркейтін «Жаяу жүргінші жолөтпесі» 22 аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға берілді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру үшін 80 жедел жәрдем көлігінде бейнекамералар орнатылды.

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша бізде 3 456 бейнебақылау камерасы және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін 172 кешен орнатылған. Бұл жүйелер автоматты режимде белгіленген жол қозғалысы нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Өңірлік геоақпараттық портал жұмысын жалғастыруда, оның негізгі артықшылықтарының бірі – облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскелерін электрондық форматта беру рәсімін оңайлату болып табылады. Бұл жер учаскелеріне құқық беру бойынша қызмет көрсету мерзімін 60 күннен 30 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Абай, Саран, Шахтинск, Приозерск және Қарқаралы қалалары үшін онлайн-форматта жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға электрондық өтініш беру процестері іске асырылған «Электрондық үкімет» порталымен ықпалдастыру аяқталды.

IQala жобасы коммуналдық қызметтер мен монополистерден қызметтерді қашықтықтан алуға көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда қызметтер тек Қарағанды қаласының тұрғындарына ғана емес, Теміртау мен Балқаш қалаларының тұрғындары үшін де қолжетімді. Жалпы алғанда, электр энергиясы, жылу, газ тұтынушылары үшін шарттар жасасу және техникалық шарттарды рәсімдеу бойынша 10 ірі монополист тарапынан 96 түрлі қызмет көрсетіледі.

Өңірдің инновациялық экожүйесін нығайтуға бағытталған «Терриконды алқап» аймақтық IT-хабы талантты жастар мен саланың кәсіби мамандарын біріктіретін IT және Digital бағыттарын дамыту орталығына айналды.

Өткен жылы IT-қоғамдастық өкілдеріне арналған 70-тен астам әртүрлі нетворкинг іс-шаралары мен бизнес-бағдарламалар ұйымдастырылды. Жаңа бастамалар арасында жоғары оқу орындары мен колледждерде берілетін дәрістер, сондай-ақ, ағылшын тілінде оқыту шаралары бар. Бұл іс-шараларға 1200-ден астам адам қатысты.

Хаб негізінде ерте кезеңдегі жобаларға инвестиция салу үшін және салалық серіктестерді жобаларға бірлесіп инвестиция салуға тарту үшін венчурлік қор құрылды. Акселерациялық бағдарлама аясында оқуды сәтті аяқтаған 8 стартап-жоба «Терриконды алқаппен» жасалған келісімшарт бойынша жалпы сомасы 16,8 млн. теңгеге грант, сондай-ақ 39,2 млн. теңгеге инвестициялар алды.

Солардың бірі – «Renda» жобасы. Бұл жалға берілетін тұрғын үйді сақтандыру қызметі, сонымен қатар, ол жалға алушылардың төлем қабілеттілігін тексеру мүмкіндігін ұсынады. Акселерациялық бағдарлама аясында команда қарқынды оқудан өтіп, менторлық қолдау алды. Нәтижесінде, жоба Алматы қаласында ауқымды жұмысты игеріп, Қазақстанның «Этажи» атты ең ірі жылжымайтын мүлік агенттігінің серіктесіне айналды.

Өңірде дамып жатқан стартап жобаларды қаржыландыру жергілікті экономиканы нығайтуға ықпал етіп, олардың өсуі мен дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ағымдағы жылы 4 Хакатон мен 6 бизнес-бағдарламаны қоса алғанда, 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда, онда перспективалы стартап-жобалар одан әрі дамыту үшін гранттар мен инвестициялар ала алады.

Интернет-қолжетімділік экономиканы, білім беруді және әлеуметтік қызметтерді дамыту үшін іргетасқа айнала отырып, цифрлық трансформацияны қамтамасыз етуде және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда шешуші рөл атқарады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру мекемелерінде интернет желісімен қамтамасыз ету үшін 106 мектеп «Старлинк» жоғары жылдамдықты спутниктік интернетке қосылды, осының есебінен 8 мыңға жуық бала білім беру ресурстарына сапалы қол жеткізді. Алайда, бұл шешім уақытша екенін атап өткен жөн. Жердегі байланыс желілерін дамыту барысында біз мектептерді талшыққа ауыстыруды жоспарлап отырмыз, өйткені ол үлкен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өткен оқу жылында талшықты-оптикалық байланыс 106 мектептің 4-4 жүзеге асырылды. Тиісінше, аталған «Старлинк» кешенінің 4 жиынтығы қайта бөлінді.

Өткен жылы Ақтоғай ауданының 3 елдімекені (Қуаныш ауылы, Үшарал ауылы, Жалаңаш ауылы) «Билайн» кең жолақты мобильді интернетіне қосылды. Осылайша, бұл елдімекендер кең жолақты интернеттің төртінші буынына қол жеткізді.

Сондай-ақ, 2024 жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қарағанды қаласында 5G жүйесінің 39 базалық станциясы орнатылды. Бүгінгі таңда қала тұрғындары мобильді кең жолақты интернеттің 5-ші буынына қол жеткізе алады. Биыл тағы 5G жүйесінің 45 базалық станциясын орнату жоспарланып отыр.

Жалпы, ағымдағы жылы халықты байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету саласында үлкен жұмыс жүргізілетін болады. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру жалғастырылмақ. Жыл соңына дейін облыстың 42 ауылдық елдімекенінде талшықты-оптикалық байланыс желілері салынатын болады. 2027 жылға дейін облыстың 168 ауылдық елдімекені интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады.

Цифрландыру бағытындағы жұмыс жалғастырылуда. Бұл бастамалар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, болашақта өңірдің тұрақты дамуы үшін негіз қалыптастырады.

Константин ИЛЬНИЦКИЙ,
Қарағанды облыстық ақпаратттандыру,
мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының
басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button