Спорт

Тоғызқұмалақ бәсекесі мәреге жетті

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы тоғызқұмалақтан өткен облыстық чемпионат аяқталды. Облыстың 140-қа жуық ойыншысы өз араларында мықтыны анықтады.

Сурет: ұйымдастырушылардан алынды

– Дәстүрлі чемпионатта блиц пен классикада төрт жас санатындағы (15, 17, 19 және 21 жасқа дейінгі) ұлдар мен қыздар бақ сынады. Жеңімпаздар наурыз айында Өскеменде өтетін жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.

Қазір облыста тоғызқұмалаққа ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы алты спорт шебері топ жарды. Жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақ Бұқар жырау және Ақтоғай, Шет ауданында қарқын алған, – дейді тоғызқұмалақтан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елена Каримова.

Чемпионатта теміртаулық Нұрғайым Сайдулла 19 жасқа дейінгі жас санатында классикадан жеңімпаз атанды.

– Чемпионат қарқынды әрі қызықты болды. Жеті ойын өткіздік, біреуінде ұтылдым. Қарсыластарым Ақтоғай, Бұқар жырау аудандары мен Қарағандыдан болды. Жалпы, тоғызқұмалақ сабырлы әрі логикаға сүйенетіндерді ұнатады. Оны отбасымызда барлығы ойнайды. Ал, мен төрт жасымнан қызығушылық таныттым, – деді Нұрғайым Сайдулла.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button