Бас тақырыпМедицина

Өткен айда аймақта 300-ден астам адамнан қызылша ауруы анықталған

Қараша айында аймақта қызылша ауруының 357 жағдай тіркелген. Оның 258-і зертханалық жағдайда расталды. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда – 3,5 есе көбейген. Деректерге сүйенсек, бір күнде кемі 10-12 жағдай анықталған.

Сурет: ашық дереккөз

Кеше «қызылша жұқтырды» деген күдікпен 787 жағдай тіркелді. Оның 571-і – расталды. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал, оның жартысынан көбі 1-4 жас аралығындағы балалардан анықталған.

Бүгінде 56 мектепке дейінгі балалар ұйымынан қызылшаның – 122 және 76 жалпы білім беретін мектептен – 146 жағдай тіркелген.

– Бұл ауру вакцинация алмаған балалардың арасында анықталып жатыр. Елдегі және облыстағы қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ата-аналардың назарын балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуына аударуды сұраймыз. Вакцинация болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда вакцинация алу жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.

Аймақта 5 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға қарсы иммундау науқаны басталғалы бері 11 816 бала вакцинацияланған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button