Қарағанды

Тіл – ұлттық мәртебе

      Халықтың тілі – ұлттың бірлесуі мен ұйымдасуына ықпал етеді. Халықтар достығы, өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы – жаңа Қазақстанның құрылуындағы ең басты сүйеніш.

     Облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатында ағылшын пәнінің ұстазы А. Каримова мен қазақ тілі пәнінің ұстазы А. Әлімжанованың ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты мерекелік іс-шара өтті. Осы мерекелік іс-шараны жоғары сынып оқушылары мың бұралған қазақ биімен ашып, 11 «А» сыныбының оқушысы Жасұлан Базилов «Анамның тілі» әнін шырқата орындаса, 10 «А» сынып оқушылары Аңсар Искаков гитарамен, виолончель аспабындағы Дінасыл Нұрболаттың сүйемелдеуімен Батес Тусенова француз тілінде «Je veux» әнін тамылжыта орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 7 «Б» сынып оқушылары Л.Сыздықова, М.Манабаева, Д. Хе «Отан-Ана» әнін нақышына келтіре орындап, бишілер мәнерлі де әсем кимылымен халықтың қошеметіне бөленді. Мектебіміздің жез таңдай әншісі Саяжан Жеңіс қазақтың қара домбырасымен «Туған жер» әуенін орындады.

     Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының басшысы Б.Буке­нов Елбасы Н.Назарбаевтың «…Жауға салса – алмастай қиған, дауға салса – бір сөзбен тиған, сезімге салса – қырандай қалқыған, ойға салса – қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?!» деген жүрекжарды лебізін тілге тиек ете отырып, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, өны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қастерлейміз», – деді.

Ж. ҚАЙРОЛЛА,

Мамандандырылған музыка

мектеп-интернатының

биология пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button