Білім

Тіл үйретуде жасанды интеллектіні пайдалану тиімді

Ғаламданумен қарым-қатынаста тілді үйрену мен үйрету қажеттілігі күннен-күнге артып келе жатыр. Тіпті соңғы бес жылға артқа шегінер болсақ, қазіргі кезде мемлекеттік тілді үйренуге ынталы адам саны артты. Тіл үйренушілерге жасанды интеллектіні пайдаланудың негізгі жолдарының бірі мобильді қосымшалар, интернет ресурстары, онлайн платформаларды пайдалануды қамтиды.

Сурет: egemen.kz

Жасанды интеллект деген не? Әрі оны қазақ тілінде қолдану не үшін қажет деген сұрақтар төңірегінде сөз өрбітер біршама негіз бар. Қазіргі жаһандану заманында ғылым күн сайын даму үстінде. Соның тағы бір жемісі – жасанды интеллект. Бұл қазіргі кезде адам санасының аналогы ретінде жасалатын сенімді бағдарлама желісі. Білім беру саласында күн санап біршама өзгерістер еніп жатыр. Қазір балалардың зейіні мен қызығушылығын арттыру мақсатында ұстаздар жаңашылдыққа бейім. Бұл жаңашылдық ЖОО-дағы өзге-ұлт өкілдерінің қазақ тілін жетік меңгеруіне қажеттілікті туындатады.  Қазақ тілін жасанды интеллект көмегімен оқыту тиімді тәсілдің бірі.

ЖОО-ларда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану мақсаты – сандық қоғамдағы мемлекеттік тілді тиімді үйретудің жолы ретінде қарастыру. Жасанды интеллект әдетте адамның интеллектуалды қабілетін қажет ететін және жүйелерді құрумен айналысатын технологиялық құрал. Жасанды интеллект оқытуды, логиканы, жоспарлауды, сөйлеуді тануды, қабылдауды және есептерді шешуді имитациялауға және талдауға тырысады. Жасанды интеллектінің артықшылықтары келесідей:

  1. Мәліметтерді тез арада алу;
  2. Мәлеметтерге негізделген тиімді шешімдер;
  3. Инновациялық жұмыс орындар;
  4. Энергия тасымалдаушыларға тәуелді болмау;
  5. Субьектіліктің аздығы. Бұл әртүрлі салаларда жұмыс істеудің әр аспектілерін автоматтандыру және адамның ойлау қабілетін формаландыру. Модельдеу және оларды программалау моделімен айналысатын информациялық жүйе.

Тақырып аясын зерттей бастағанда, біздің мемлекеттік тілімізді білім алушыға ұсынудың бірнеше әдіс-тәсілдерін анықтадық.  Біріншіден, цифрлық технология – тілдің сақталуы мен қолданым аясының кеңеюін қамтамасыз етеді. Бұл қазіргі ақылды үй, ақылды көліктерді, виртуалды көмекшілердің қазақша қолданылуына үлкен үлес қосады. Яғни, «шамды қос немесе өшір», «солға немесе оңға жүр» деген сияқты қазақ тілінде басқару жүйелерін интеграциялауға әсер етеді. Сондай ақ жас ұрпақтың тілімізді ұғыну мен танылуына, коммуникациялық қолданылу жүйесіне, сөйлеу мен түсінуге ынталандырады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өз жұмыс орнымызда «Қазақ тілін жасанды интеллект арқылы кешенді оқыту» тақырыбында арнайы жоба әзірлеп, зерттеу үстіндеміз. Жобаның мақсаты – өзге ұлт-өкілдеріне мемлекеттік тілді тез қабылдауына жағдай жасау. Қазіргі жастардың заманы тез әрі жеңіл қабылдауға бейім. Сондықтан аталмыш жоба осыны басшылыққа алады.

 Қазақ тілін оқытуда жасанды интеллект қолдануда тілдік дағдының 4-бағыты бойынша көптеген тапсырмаларды тиімді пайдалануға болады. Жасанды интеллект адамның интеллектісін түсіну үшін компьютерлерді қолданудың ұқсас міндетімен байланысты, бірақ ол міндетті түрде биологиялық тұрғыдан сенімді әдістермен шектелмейді.

  1. Айтылым дағдысына визуалды ақпараттар: графика, инфографика.
  2. Оқылым дағдысына электронды оқу құралдары: сөздіктер, энциклопедия, электронды кітаптар.
  3. Жазылым дағдысына интерактивті құралдар: онлайн қосымшалар.
  4. Тыңдалым дағдысына аудиожазбалар.

Сондай-ақ  жасанды интеллектінің даму көкжиегі орасан зор. Мәселен қазір сабағымызда қолданыс тауып жүрген бірнеше жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады. Ізденімпаз оқытушы үшін ЖИ-дің көмегімен AR-VR/AI цифрлық өлшемдер жүйесі арқылы шындық технологиясы, кубтық жоба, цифрлық кітап (Flipbook marker), кәсіби онлайн форматтағы видеосабақтар жасау, жеке сайт (портфолио) құрастыру, графикалық постерларды ашық сабақ барысында қолдануға болады.  

Қорыта келгенде, ЖИ білім беру саласында пайдасы бар екеніне көз жеткізуге болады. Бұл репетиторлықтың немесе білім беру мен оқытудың заманауи әдісі  арқылы білім алуға бағытталған контенттің қолжетімділігі, мұғалімдердің жетіспеушілігі, оқушының стресссіз және басқаларға кедергісіз білім алуы сияқты проблемаларды шешуі мүмкін.

Қарқынды дамып келе жатқан білім беру саласында жасанды интеллект (ЖИ) инфузиясы дәстүрлі парадигмаларды қайта қалыптастыратын және педагогикалық мүмкіндіктердің жаңа дәуірін ашатын трансформациялық күш.

А.Ж.ЖАЛДЫБАЕВА, 

А.Е.КЕНЖЕБЕКОВА,

«Ә.Сағынов атындағы Қарағанды

техникалық университеті» КЕАҚ

оқытушылары п.ғ.м.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button