Бас тақырыпЖаңалықтар
TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды. Жергілікті биліктің тыйым салуына байланысты, платформа енді ашылмайды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң шығарушылардың пікірінше, бұл қосымша АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Себебі ол америкалық пайдаланушылардың деректерін Қытайдың арнайы қызметтеріне беруі мүмкін.
TikTok-тың болашағы туралы соңғы шешімді АҚШ-тың жаңа әкімшілігі қабылдайды. Сайланған президент Дональд Трамп әлеуметтік желінің жұмысын сақтап қалғысы келеді.
Жалпы АҚШ-та ТикТоктың 170 миллионнан астам қолданушысы бар.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.