Жаңалықтар

Тестілеуге – тиянақты әзірлік

Биыл облыс бойынша 8140 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 5960-ы ұлттық бірыңғай тест тапсыруды жоспарлап отыр. «Алтын белгіге» 316 түлек, үздік аттестатқа 268 оқушы үмітті.


Республика бойынша ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралықта өтеді. Облыстағы тест өткізудің нақты мерзімі мамыр айының соңында белгілі болады. Облыстың білім басқармасы басшысы Есенғазы Иманғалиевтің мәлімдеуінше, ұл-қыздардың тест тапсыратын орталықтары толығымен әзірліктен өткен. 
Жалпы, тестілеу өткізілетін жерден 50 шақырымнан ұзақ қашықтықта тұратын оқушыларды көлікпен тасымалдау ұйымдастырылады. ҰБТ өтетін күннен бір күн бұрын оларды алдын ала әзірленген орналасу жерлеріне жеткізеді. Түлектерді төрт реттік тамақтандыру қарастырылған.
Барлығы – жатын орынмен – 570, тамақтанумен – 1484, көлікпен жеткізумен – 2180 түлек қамтамасыз етіледі. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерден 8,1 млн. теңге бөлінген.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button