ТеміртауАймақБас тақырып

Теміртауда зейнеткерді ұрған жасөспірімдерге үкім шықты

Теміртауда зейнеткерді ұрып, қорлаған жасөспірімдер сотталып, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сурет polisia.kz

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың ақпан айында кәмелетке толмағандар тобы екі рет ер адамның пәтеріне заңсыз кірген. Олар зейнеткерді ұрып-соғып, болған оқиғаны видеоға түсірген.

Іс бойынша айыпталушылардың бірі 95 мың теңге көлемінде қаражатты ашық түрде жымқырғаны үшін де кінәлі деп танылды. Сот шешімімен шабуылға қатысқан жасөспірімдер 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін аталған оқиғаға байланысты бірқатар педагогтар мен қала әкімінің орынбасары да жауапкершілікке тартылған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button