Теміртауда трамвай паркі қашан қалпына келмек?
Егер Qarmet жаңа инвесторы Теміртаудағы трамвай паркін қалпына келтіре алмаса, онда жергілікті билік оны қаланың коммуналдық меншігіне ауыстыра алады. Қала әкімі Ораз Таурбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында атап өткендей, бұл мәселе халық үшін өте маңызды болып отыр.
– Қала құраушы кәсіпорын биыл жұмыс басталатынын растады. Қаржыландыру мен қалпына келтіруді толығымен инвестордың есебінен жүргізу жоспарлануда. Жақында өткен кездесуде Qarmet трамвай паркін биыл іске қосатынын айтты, – деді әкім.
Сондай-ақ, жергілікті билік те қарап қалмай, осы бағытта жұмыс атқаратынын айтты.
– Егер трамвай паркі Компанияның құрылымдық бөлімшесінің бөлігі болмаса, бірақ қоғамдық тасымалдарды ресми түрде жүзеге асыратын дербес кәсіпорынға айналса, біз нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейміз. Бұл рейстік көлік ережелері келісілген. Осыдан кейін ресми түрде қалада трамвай рейстік көлігі пайда болады. Біз маршрутты бекітеміз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті тариф пен субсидияларды қарастырамыз, – деп бөлісті Ораз Таурбеков.
Әділет ШОПЕН.