Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше жоғалған балықшы туралы хабарлама 31 наурыз күні кешкі 20:30-да түскен. Құтқарушылар дереу іске кірісіп, Самарқанд су қоймасының бірінші жағалаудағы сорғы станциясына іздестіру жұмыстарын жүргізген.
– 31 наурыз күні сағат 20:30-да 1966 жылы туған ер адам Самарқанд су қоймасының бірінші жағалаудағы сорғы стансасы маңына балық аулауға шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдары, атап айтқанда, 3 құтқарушы мен 1 техника шұғыл жұмылдырылды, – деп хабарлады қалалық қалалық ТЖБ.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар басқармасы іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Су тасқыны жағдайын және Самарқанд су қоймасы су электр кешенінен судың көп ағуын ескере отырып, Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтауды және азаматтардың мұз айдынына шығуына жол бермеуді ескертеді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Фото және видео: Теміртау қалалық ТЖБ.