Теміртауда ұлыстың ұлы күні — жыл басы Бірлік алаңында бастау алды. Наурыз көже ішілді, нау тілектер айтылды. Мерейлі мерекені тойлауға қала тұрғындары мен қонақтары келді. Мәнді де мазмұнды мерекенің сәнін этникалық ауылдар кіргізіп, онда сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, киіз үй тігу бойынша шеберлік сабақтары, викториналар өткізілді. Фольклорлық ансамбльдер өнерін көрсетті.
Қазақтың ұлттық ойындары, тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту, сынды ойын түрлерінен турнир өтті.
Түйе мен атқа міну ұйымдастырылып, одан балалар да, үлкендер де әбден қуанып, мәз-мейрам болды.
Сахнада «Қош келдің әз-Наурыз» атты концерттік бағдарламада қаланың би ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті.
Той түнге ұласып, Парвиз Назаров, AYREE, Александр Филатов сынды әншілер қала жұртшыдығвның көңілін көтерді. Концерт соңын Қали Байжанова концерттік бірлестігінің солистері түйіндеді.
Әділет ШОПЕН.