АймақЖаңалықтар

Теміртауда көлік қағып кеткен жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше кешкі сағат 21:19 шамасында болған. «Тойота» көлігінің 35 жастағы жүргізушісі «Бейбітшілік» даңғылының бойымен келе жатып, жол бөлігін солдан оңға қарай кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Сурет: kaz.nur.kz

Жол апатынан зардап шеккен 48 жастағы жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетілді, бірақ ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Полиция жаяу жүргіншіні жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартып, оған 36 920 теңге көлемінде айыппұл салған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button