Бас тақырып

Теміртауда «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында «Елін сүйген Елбасы» фотокөрмесі өтті. Сырға толы суреттерді тамашалауға қаладағы орта мектептердің оқушылары қатысты. 

Экскурсияда оқушылар орталыққа ҚР Президенті Іс Басқармасы ұсынған жаңа жәдігерлерді де тамашалады. Экспозицияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары, сонымен қатар ресми тұлғалардың сыйлықтары келтірілген. Олардың қатарында Владимир Путин сыйға тартқан Ресей ауыл шаруашылығының 12 томдық энциклопедиясы, ҚХР Төрағасы Си Цзин Пиннің сыйлығы, Иманғали Тасмағамбетовтың сыйлаған ҚР Конституциясының тартулық басылымы және Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың велосипеді бар.

Балалар сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президентінің қызметтік көліктер паркінде болған «Мерседес Бенц S600L» автокөлігін де көруге мүмкіндік алды. Бұл – Елбасының жұмыс сапарлары кезінде жүрген көліктердің бірі.

Маңызды құжаттар, көне суреттер, миниатюрадағы фабрикалар мен құрастырылған зауыттар және тағы басқа да жәдігерлерге жиылғандар үлкен қызығушылық танытып, айықпас әсерге бөленді. Экскурсия оқушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, ел Тәуелсіздігі, қазіргі Қазақстан және мемлекет тарихындағы маңызды оқиғалар туралы мәліметтер алуға көп септігін тигізгені сөзсіз. 

Басқа материалдар

Back to top button