АймақТеміртау

Теміртауда электр желілері жаңарады

Теміртау тұрғындары 50-ші жылдары салынған желілерінің тозуы себебінен электр желілерінің үзілуіне жиі шағым түсіреді. Сол себептен биыл бұл мәселені шешу үшін жаңа электр желілері салынбақ.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауға жұмыс сапарымен барып, жылыту маусымының қалай өтіп жатқанымен танысты.

Аймақ басшысына Qarmet ЖЭО-2 және ҚарМАЭС-1 компаниясындағы жағдай туралы баяндалды.
ЖЭО-2 жылу бес қазандықтың көмегімен өндіріліп жатыр, алтыншы резервте. Үш турбина жұмыс істеп тұр. Температуралық кесте сақталуда. Көмір мен мазут қоры жеткілікті.

– Жалпы, бұл жылыту маусымы өткен қыс мезгіліне қарағанда әлдеқайда тұрақты. Температуралық кестені ЖЭО-2 және ҚарМАЭС-1 сәйкесінше сақтап отыр. ҚарМАЭС бойынша сұрақтар болды, бірақ олар шешілуде. Ескі қала мен оң жағалау тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдануда. Өткен жылдан бастап жаңа желілер құрылысын жобалау басталды. Жобаны биыл іске асырамыз, құрылыс-монтаж жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады, – деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button