Ресми

Теміртауда абаттандыру жұмыстары басталды

Теміртау қаласының Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлері наурыздың алғашқы күндерінен бастап «Бірлік» гүлзарын абаттандыру жұмыстарын бастады. Бұл жұмыстар 31 мамырға дейін жүргізіледі.

Сурет: қала әкімдігінен

Аталған алаңда магистральдік желілер өтіп, апаттан кейін шұңқырлар пайда болып, тастөсемдер астындағы топырақ деформацияланған.

Бұл аумаққа тастөсемнің бірнеше түрі төселген. Бөлшектелген тастөсемдер саябақ пен гүлзарлар басшылығының меншігіндегі саябақтарда қолданылады. Теміртау қаласының тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін орындықтар орнатылып, көпжылдық өсімдіктерге арналған гүлзарлар безендіріледі.

Әділет ШОПЕН,
ТЕМІРТАУ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button