Техниканы кәдеге жарату зауыты: өндіріс процестерін жаңғыртуға үлкен мүмкіндік
Техниканы кәдеге жарату зауыты Qarmet компаниясына өндіріс процестерін жаңғыртуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Qarmet.kz сайтына сілтеме жасап.
Компанияның хабарлауынша Qarmet тау-кен металлургия комбинаты сатып алған көлік құралдарын кәдеге жарату зауыты өндірістік процестерді жаңғырту жөніндегі стратегияның бір бөлігі болып табылады.
– Қарағанды зауытының Шредер кешені жылына 50 мыңға жуық пайдадан шыққан көлік құралын кәдеге жаратуға және оларды металлом ретінде қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын комбинат өндірісті дамыту барысымен көлемді арттыруды жоспарлай отырып, шамамен 800 мың тонна металлом тұтынады. Осыған байланысты сатып алушыларға тәуелді болмау компанияның шикізат автономиясын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарының маңызды элементі болып табылады, – дейді компанияның ресми өкілі Талғат Темірханов.
Зауытта металдың сапасын тексеруге, оның құрамындағы әртүрлі элементтердің концентрациясын анықтауға мүмкіндік беретін өзінің аттестатталған өндірістік зертханасы жұмыс істейді. Компанияның түпкілікті өнімінің құны мен сапасына оң әсер ету Qarmet-тің бәсекеге қабілетті болуына және жаңа нарыққа шығуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, техниканы кәдеге жарату зауытын қазақстандық комбинат ашық сауда-саттықтан 4,1 млрд. теңгеге сатып алған болатын.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.