Поэзия

Театр бар – Қарағанды қаласында

 («Көкшетау» әнінің әуенімен)

С.Сейфуллин атындағы театр ұжымын, әріптестерімді 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Қазақтың Сарыарқа даласында,

Нұраның көлбеп аққан саласында.

Сейфуллин Сәкен ата атындағы.

Театр бар – Қарағанды қаласында,

қаласында.

 

Халқының тарихы мен жыр-аңызын,

Жеткізген сахнада сыр маңызын,

Жасынан қартайғанша еңбек еткен

Рухына өткендердің мың тағзым,

мың тағзым!

 

Ұрпақтар ұрпақтармен алмасады,

Осылай өнер жолы жалғасады.

Сомдаған бейнесімен тұлғаларды,

Арманы актерлардың алға асады, алға асады.

 

85 – театрдың келген жасы,

Тоғысқан екі ғасыр замандасы.

Әрқашан абыройы арта берсін,

Биіктеп, домаласын өрге тасы, өрге тасы!

Батырхан БӘКІЖАНОВ,

актер, ҚР мәдениет қайраткері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button