«Таза Қазақстан»: жастар жағалауды тазартты
Конституциясы күні қарсаңында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы Шахтинск қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қаладан тыс орналасқан су қоймасы маңында экологиялық акция ұйымдастырды.

Шара барысында пластик пен шыны қалдықтары бар 50-ден астам қап қоқыс жиналды, жағалаудың 2 шақырымнан астам аумағы тазартылды. Сондай-ақ, демалушыларға табиғатты таза ұстаудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акцияға еріктілер, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және қала тұрғындарын қоса алғанда, 60-тан астам адам атсалысты.
Бұл бастама мемлекеттік мерекеге орай өткізілген іс-шаралар топтамасының бір бөлігіне айналып, жастардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және азаматтық белсенділікті арттырудағы маңызды рөлін айқын көрсетті.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА