АймақОсакаров

«Таза Қазақстан»: Осакаров ауданының оқушылары тұқымнан ағаш өсірмек

Осакаров ауданының мектеп оқушылары «Бұйратау» ұлттық паркі қызметкерлерінің жетекшілігімен тұқымнан ағаш өсірмек. 

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

«Таза Қазақстан» және «Саябақтар маршы» экологиялық бастамалары аясында «Ағаш егу – табиғатты сақтау» акциясы өтті.

Молодёжный кенті мен Жансары ауылының оқушылары құмыраларға 500-ге жуық шаған мен қайың тұқымын екті. Олар ағаш өсіру – әр кезеңді назарда ұстап, қамқорлықты қажет ететін ұзақ әрі күрделі процесс екеніне көз жеткізді. Балалар өз көшеттерін үлкен және мықты ағаштар болып өсуі үшін қадағалап отыруға уәде берді.

– «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жас ұрпақ үшін өзекті, – деп атап өтті Молодёжный кентінің Қаныш Сәтпаев атындағы тірек мектебінің директоры Айгүл Елшина. – Балалар өз елді мекендерін көгалдандыру мен абаттандыруға белсенді қатыса алады, сондай-ақ іс жүзінде туған өлкесінің табиғатына қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне алады.

Акция Қазақстан Республикасы Президентінің екі миллиард ағаш егу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Негізгі мақсат – жастар мен жергілікті тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, сондай-ақ ұлттық саябаққа нақты көмек көрсету.

– Біз әлі де көптеген іс-шаралар өткіземіз деп жоспарлап отырмыз: көшеттер егу, экологиялық сенбіліктер, бұлақтарды тазалау, сондай-ақ оқушылар, студенттер мен жергілікті тұрғындар үшін дәрістер, викториналар мен экосабақтар өткізу көзделген, – дейді «Бұйратау» МҰТП туризм және экологиялық ағарту бөлімінің бастығы Мария Редько. – Олардың барлығы туған өлкенің табиғи және мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін оятуға бағытталған.

Көктемде көшеттер тиісті жерлерге егіледі, ал оқушылар оларға күтім жасауды жалғастырады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button