АймақҚарағанды

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушы экоквестке қатысты

Абай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті. Бұл шараға орта сынып оқушылары арасынан 100-ден астам бала қатысты. Бұл іс-шара балалар үшін ойыннан гөрі –  табиғат алдындағы жауапкершілікке жол ашқан сабақ болды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Қатысушылар жеті түрлі станциядан өтіп, аса қызықты тапсырмаларды орындады. Олар ойын арқылы:

  • Қоқысты сұрыптауды үйренді,
  • Қайта өңдеу ережелерімен танысты,
  • Экологияға пайдалы және зиянды әрекеттерді айыра білді.

Әр сынақ балаларды былай деген маңызды ойға жеткізді: табиғатқа қамқорлық – күнделікті әдеттен басталады.

– «Таза Қазақстан» – бұл тек аумақтарды тазалаумен шектелмейді. Ең маңыздысы – экологиялық сана қалыптастыру. Бұл сананы бала кезден қалыптастыру керек. Бүгінгі квест – балаларға қарапайым, бірақ өте маңызды ойды жеткізудің тиімді тәсілі болды: табиғатты күн сайын сүйіп, қорғау қажет, – деді шараны ұйымдастырушы, эколог әрі «Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Темірлан Кәкенов.

Бұл экоквест қатысушыларға барлық нәрсе – таза әрі жасыл ел әрқайсысымыздан басталатынын еске салды.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button