Бас тақырып
Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған мұғалімдер биыл аттестациядан өтпейді
Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер биыл аттестациядан өтпейді, деп хабарлайды Ortalyq.kz EL.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.
– Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады, – делінген министрлік хабарламасында.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.