Спорт
Тарихи жеңіс: синхронды жүзуден ел құрамасы әлем чемпионы атанды
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында Эдуард Ким мен Теміртаулық спортшы Наргиза Болатова әртістік жүзуден алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Бұл ел тарихындағы су спорты түрлерінен әлем чемпионатында иеленген алғашқы алтыны.
Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова 228.0050 ұпай жинаған.
Күміс медальді Қытай құрамасы, ал қоланы Мексика командасы иеленді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz