Бас тақырыпСпорт

Тарихи жеңіс: Ризабек Айтмұхан тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанды

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта 20 жастағы Ризабек Айтмұхан чемпион атанды.

Қазақстандық балуан финалда әзірбайжандық Осман Нурмагомедовпен кездесті.

Кездесу нәтижесінде, Ризабек Айтмұқан қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ризабек алғашқы айналымда Венгрия балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан – еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button